Англия құрамасы Еуро ойындарынан шеттетілуі мүмкін
BBC мәліметінше, УЕФА Англия құрамасын 2028 жылы өз жерінде өтетін Еуропа чемпионатынан шеттетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі футбол клубтарын қорғау және олардың қаржылық тұрақтылығын нығайту үшін арнайы қадағалау органын құруға ниетті екенін мәлімдеген.
УЕФА ережелері мемлекеттің футбол федерацияларының ісіне араласуына тыйым салады. Осыған байланысты УЕФА бас хатшысы Теодор Теодоридис Ұлыбританияның Мәдениет, БАҚ және спорт министрі Лиза Лэндиге үндеу жолдап, бұл тыйымды еске алды.
Егер халықаралық ұйымның ережелері еленбесе, Ағылшын футбол федерациясы УЕФА-дан шығарылуы мүмкін.
Еуро-2028-ді Ұлыбритания мен Ирландия қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или