Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының алғашқы ойын күнінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының алғашқы ойын күнінде жеңіліп қалды

Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис Кубогындағы алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды.

14 қыркүйекте өткен бірінші ойында еліміздің ерлер құрамасынан Александр Бублик Эльмер Мёллерге жеңіліп қалды. Есеп - 6:1, 2:6, 2:6.

Екінші кездесуде ел құрамасынан Александр Шевченко Август Хольмгренге 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді.

Енді қалған үш ойын 15 қыркүйекте өткізіледі. Алдымен жұптық сында Александр Недовесов пен Бейбіт Жұқаев Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен кездеседі.

Содан кейін Александр Бублик Август Хольмгренмен шеберлік байқасса, Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.





Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или