ITF Punta Cana: қазақстандық теннисші жұптық сында финалға шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF Punta Cana сериясындағы турнирдің жұптық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесуде Құламбаева үндістандық Сахаджа Ямалапаллимен жұптасып, колумбиялық Мария Эрасо Гонсалес пен итальяндық Франческа Пейспен кездесті.
Матч 6:4, 6:4 есебімен Қазақстан мен Үндістан теннисшілерінің пайдасына аяқталды.
Финалдық матчта Құламбаева мен Ямалапалли канадалық Ариана Арсено және Кайла Кросспен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или