Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Гуанчжоу (Қытай) қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Кукушкин аргентиналық теннисші Агустин Гомеспен кездесіп, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық спортшы АТР рейтингінде 87-орында тұрған аустралиялық Кристофер О’Коннеллмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или