Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Жібек германиялық Александра Вечичпен кездесті. Бірінші сет 7:5 есебімен Құламбаеваның пайдасына аяқталды. Вечич жарақатына байланысты екінші сетте алаңға шықпады.

Жібектің жартылай финалдағы қарсыласы кешірек анықталады. Құламбаева турнирде жұптық сайыста да өнер көрсетуді жалғастырып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или