Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрермендерсіз өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрермендерсіз өтеді

13 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шара көрерменсіз, хаттамалық форматта өтетінін түсіндірді.

Жабылу салтанатын қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендерсіз өтеді», – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынап жатыр. Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам жиналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или