«Атыраудың» легионері үздік қазақстандық футболшыны атады

«Атыраудың» легионері үздік қазақстандық футболшыны атады

«Атыраудың» украиналық  жартылай қорғаушысы Александр Нойок «Тобыл» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковты мақтап, оның шетелдік клубқа кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Чесноков – Қазақстан чемпионатының изумруды, ол шетелге шығып өнер көрсете алады. Оның жақсы футболшы екені анық. Оның ерекшелігі – техникалық шеберлігі жоғары, екі аяқпен де ойнай алады. Онымен соқтығысып қалғанымда менің жамбасым ісіп кетті, ал оған ештеңе болған жоқ. Мүмкін мен «Ретро FM» өкілі болып қалған шығармын (күлді). Қазақстан чемпионатында үздік футболшылар бар екені анық», - деді Нойок.

Айта кетейік, Александр Нойок «Атырау» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол «Мұнайшылар» сапында 52 матч өткізіп, төрт гол соққан.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или