Қазақстандық үздік теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Гвадалахарадағы (Мексика) турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұптық сынның ширек финалында Данилина мен Хромачева Катажина Питер (Польша)/Фанни Штоллар (Венгрия) жұбымен кездесіп, оларды екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
Айта кетейік, Гвадалахарадағы турнирдің жүлде қоры 922 573 доллар.
Жұптық сындағы жеңімпаздар 47 390 доллар алады, сонымен қатар 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Анна Данилина – жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы – ол қазір WTA рейтингінде 40-орында.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или