Теннистен әйелдер арасындағы «Жыл дуэтіне» үміткерлер тізімі белгілі болды

Олардың арасында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да бар.

WTA ресми сайты әйелдер арасындағы 2015 жылдың «Жыл дуэті» аталымы бойынша үздік жұпты анықтау үшін сауалнама басталғанын жариялады.

Сауалнамаға биылғы маусымда ең үздік нәтиже көрсеткен теннисші жұптарды таңдап алған. Олардың арасында австралиялық Кейси Дельаква мен отандасымыз Ярослава Шведова жұбы да бар.

Сонымен қатар, Мартина Хингис пен Сания Мирза (Швейцария/Үндістан), Бетани Маттек-Сэндс пен Люси Шафаржова (АҚШ/Чехия) және Екатерина Макарова мен Елена Веснина (екеуі де Ресей) жұптары «Жыл дуэті» атануға үміткер ретінде тіркелген.

Kazsport.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или