Бас бапкер Айбол Әбікеннің ұлттық құрамадағы деңгейіне баға берді

Бас бапкер Айбол Әбікеннің ұлттық құрамадағы деңгейіне баға берді

Станислав Черчесов Айбол Әбікеннің құрамадағы деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Алматыдағы баспасөз-конференциясында ел құрамасының бас бапкері Айбол Әбікеннің өсу потенциалы бар екендігіне тоқталып өтті.

«Әбікенде өсу потенциалы бар. Мен оны байқай алдым. Екі жылдық футболдан шеттетілу әр футболшыға оңайға соқпасы анық. Оның Норвегияға қарсы кездесуде қорғанысқа қайтпай, кей сәттерде допқа соңына дейін таласпай қалғаны мен үшін үлкен мәселе емес. Бірақ оның төреші ысқырығынан кейін снарядты теуіп жіберіп, сары қағаз алуы менің ойымда сұрақ туғызды. Осы жағдайды мен Әбікенге ескерткен жоқпын. Оның бір ай уақыты бар. Сол аралықта ол өзінің қателігін түсінуі тиіс. Норвегияға қарсы матчтан кейін Айбол жігерленіп, құрама мүддесі үшін аянып қалмайтынына сенімдімін», – ұлттық құрама бапкері Станислав Черчесов. 

Алматыдағы Ұлттар Лигасының 1-тур матчында Айбол 58 минутта Рамазан Оразовты алмастырып алаңға кірді. Әбікен аталған ойында командаластарымен салыстырғанда, ең төмен баллмен бағаланды (5.9). Келесі Словениямен өткен кездесуде жартылай қорғаушы қосалқы құрамда қалды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или