Қазақстандық теннисші Польшадағы жарысты жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Польшаның Щецин қаласында «Челленджер» жұптық сайысының сазды сериясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы италиялық теннисші Андреа Пеллегриномен бірге, неміс дуэті Якоб Шнайттер – Марк Уолнерге қарсы ойнап, екі сетте жалпы 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 19 минутқа созылып, 1/8 финалдық кезеңде өтті.
Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы бүгінде әлемдік ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) жұптық рейтингінде 517-ші орында тұр.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или