Дәрігерлер Ронда Роузиге төбелесуге тыйым салды

Дәрігерлер Ронда Роузиге төбелесуге тыйым салды

Дәрігерлер UFC экс-чемпионы Ронда Роузиге 6 ай бойы рингке шығуға тыйым салды. Енді америкалық спортшы шаршы алаңға 2016 жылдың ортасына таман қайта оралады.

Холли Холмға қарсы өткізген жекпе-жекте Роузи басынан соққы алып, есінен айрылған болатын. Күрестен кейін тексеру жүргізген дәрігерлер оған жарты жыл бойы рингке шығуға тыйым салды. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Роузи 60 күн бойы жаттығу жасай алмайды. Егер спортшының бас сүйегіне жасалған томография дәрігерлердің ойынан шығып жатса, бұл мерзім қысқартылуы да мүмкін. Ал оның бәсекелесі Холли Холм қауіпсіздік шарасы тұрғысынан 7 күнге рингтен аластатылды.

Естеріңізге сала кетсек, шаршы алаңда 12 кездесу өткізіп, барлық қарсыласын айқын ұтқан Ронда Роузи 15 қараша күні алғаш рет өз отандасы Холли Холмнан нокаутпен жеңілді. Сөйтіп, UFC чемпионы титулынан қол үзді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или