АТР Қорытынды чемпионаты. Вавринка Феррерден басым түсті
<p style="text-align: justify;">
<strong>Лондонда өтіп жатқан АТР Қорытынды чемпионатының топтық кезеңіндегі 2-ші турдың соңғы матчында швейцариялық Стэн Вавринка мен испаниялық Давид Феррер кездесті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Кездесу швейцариялық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 7:5, 6:2. Осылайша, екі турдан соң Илия Настасе тобында екі жеңіске қол жеткізген Рафаэль Надаль көш бастап келеді. Вавринка мен британиядық Энди Маррейде бір жеңістен бар, ал Феррер әзірше жеңіске жеткен жоқ.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или