Геннадий Головкин: «Коттоның WBC белбеуінен бас тартуы мен үшін күтпеген жайт болды»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пуэрторикалық Мигель Коттоның WBC белбеуінен бас тартқаны жайлы айтып берді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Коттоның WBC белбеуінен бас тартуы мен үшін күтпеген жайт болды. Мен WBC-ның президентімен сөйлесіп, маған бұл белбеу керек екенін айттым. Мигель Котто әлі де менімен жұдырықтасады деген ойдамын. Себебі бұл кездесу қаржылық тұрғыда көп табыс әкелмек. Ол бокстан бір жылдан кейін кетем деді. Меніңше, екеуіміздің жұдырықтасатын уақытымыз келді», - деді Головкин. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или