Мигель Котто: «Маған Головкиннің титулдары керек емес»

Пуэрторикандық боксшы Мигель Котто Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) оны чемпиондық титулдан айыру шешіміне түсініктемесін берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ол титулдан Сауль Альвареспен жекпе-жегінің алдында міндетті жарна төлеуден бас тартқаны үшін айырылған болатын. Боксшы сондай-ақ Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойяның оның әрекетін «бокс үшін масқара» деп атаған сынына да жауап берді.

«Оскардан Дүниежүзілік бокс кеңесіне 1,1 миллион доллар төлеуін сұрап, жауабын күтіңіз. 1,1 миллион доллар. Бұл дұрыс па? Жоқ, бұл әділ емес», - деп есептейді Котто. Боксшының айтуынша, WBC сұраған соманы төлеуге Геннадий Головкиннің командасына қазақстандық боксшының «араласпай», пуэрторикандыққа 21 қарашада Сауль Альвареспен кездесуге мүмкіндік бергені үшін 800 мың доллар төлеу жағдайы қиындатты.

«Біз Головкинға оның араласпағаны үшін төлеуіміз тиіс 800 мың долларды қосқанда, мен оларға тағы 125 мың доллар төлеуге келістім. Мен үшін бұл қомақты сома. Ол (WBC президенті - автор) бұл соманың қомақты емес екенін айтып, «жоқ» деп жауап берді», - деп түсіндірді Котто.

«Маған белдіктер керек емес. Менің үйімде белдіктер жеткілікті, 1,1 миллион долларға өзім қалаған кез келген белдікті сатып ала аламын. Маған титул керек емес», - деп атап өтті пуэрторикандық боксшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или