Қуат Хамитов: «Еркін күрестен ерлер құрамасымен дайындалдым»

«Найман» деген лақап атпен танымал, аралас жекпе-жек өнерінің майталманы Қуат Хамитов «PROСПОРТ» тілшісіне алдағы жекпе жегі туралы айтып берді.

21 қараша күні Қытай елінің Үрімші қаласында WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионының белбеуі үшін қазақстандық Қуат Хамитов пен бельгиялық Алька Матева арасындағы жекпе-жек өтеді.

Қарсыласы

Бельгиялық танымал спортшы Алька Матева. Ол ережесіз жекпе-жекке дейін кикбокспен айналысқан. Кәсіпқой рингте 42 кездесу өткізіп, 5 рет жеңіліп, 1 рет тең аяқтаған. Ал ережесіз жекпе-жекте жоғары нәтиже қол жеткізбеген. Үлкен спортта «Спартандық» деген лақап атқа ие.

Қуат «Найман» Хамитов

Қазақстан, Алматы қаласы

Туған жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы

Жасы: 27

Бойы: 175 сантиметр

Салмағы: 70 келі

Жетістіктері:

Грек-рим күресі бойынша спорт шебері;

Аралас жекпе-жектен «Bushido FC 47″ Халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы, (Англия, Қазақстан);

Аралас жекпе-жектен SFL нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің жеңімпазы, (Үндістан, 2013ж.);

Аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC» «Alem Alyby» Халықаралық турнирінің жеңімпазы, (2013 ж.);

Аралас жекпе-жектен RUFF нұсқасы бойынша Халықаралық турнирдің үш дүркін жеңімпазы, (Қытай, 2014ж.).

- Қуат, алдағы Қытай елінде болатын жекпе-жек жайлы, қарсыласыңыз туралы айтып өтсеңіз...

- Бұл кездесуде WBK тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбелуіне таласамын. Қарсыласым қарымды. Бельгиялық Алька Матева кикбокстан төрт дүркін әлем чемпионы. Бір ай бұрын осы Қытай елінде жекпе-жек өткізген. Негізі бұл кездесуді өткізу бір жыл бұрын жоспарланған, алайда сәті енді түсті. Өткен жылы Қытайда жұдырықтасқан болатынмын. Бұған дейін RUFF ұйымдастыруындағы ережесіз жекпе-жекте үш кездесуге қатысып, үшеуінде де жеңіске жеттім.

- Бұл маңызды жекпе-жекке дайындығыңыз қалай?

- Дайындығым жақсы. Жаттығуды жарты жыл бұрын бастап кеттім. Еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасымен оқу-жаттығу жиынына қатысып, дайындығымды пысықтадым. Өзімнің жеке спарринг-қарсыластарым болды. Сонымен қатар, бокстан жеке бапкеріммен жаттықтым.

- Сізді жаңа промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды деп еді...

- Иә, қазірде менің жекпе-жектерімді ұйымдастыратын үш промоутерлік ұйым бар. Бірі ресейлік Fight Alliance, енді бірі One Fighting Championship деп аталатын сингапурлік компания. Бұл ONE FC промоушенінің ұйымдастыруындағы алғашқы жекпе-жегім. Егер жеңіске жетіп жатсам, алда чемпиондық белбеуді қорғайтын боламын.

- Рақмет, алдағы жекпе-жегіңізде сәттілік тілейміз!

Спортшының жеке қорынан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или