Жәнібек Әлімханұлы: «Бокста сәтсіздіктер болып тұрады»

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Жәнібек Әлімханұлы «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісіп, Қатарда өткен әлем біріншілігіндегі сәтсіздігі жайында баяндады.

- Жәнібек, биылғы маусым сіз үшін аяқталды ма? Әлде алда тағы жарыстар бар ма?

- Иә, осы жылда әлі жарыстар бар. Желтоқсанның ортасында Ғалым Жарылғапов атындағы турнирге қатысамын. Содан кейін келер жылдың көктемінде Олимпиада ойындарына лицензиялық турнирлер басталады.

- Сіз үшін биылғы маусым сәтсіз өтуде. Өзіңіз осы жылдағы өнеріңізге қандай баға бересіз?

- Бұйыртса, бәрі жақсы болады деген ойдамын. Мұндай сәтсіздіктер бокста болып тұрады. Соған қарамастан, еңсемізді, басымызды түсірмей ары қарай да дайындалып жатырмыз.

- Соңғы өткен әлем біріншілігінде сіз ирландиялық боксшыдан жеңілдіңіз. Жалпы Дохадағы төрешілердің жұмысына көңіліңіз толды ма?

- Мұндай жарыстарда жоғары деңгейлі қазылар қызмет етеді. Қандай дәрежелі жарыс болмасын қателіктер жиі кездеседі. Ирландиялық боксшыға қарсы жекпе-жекте төреші менің қолымды көтермеді, яғни бұл кездесуде мен жеңілдім деген сөз. Демек өзімнен қателік кетті, дұрыс дайындалмадым. Менің қолымды көтермеген жағдайда, мен өзімді жеңілдім деп санаймын.

- Өзбекстан құрамасы соңғы кезде жоғары нәтиже көрсетуде. Бұған не себеп?

- Иә, Өзбекстан құрамасы соңғы өткен Азия мен Әлем біріншігінде жақсы нәтиже көрсетті. Десек те, Қазақ боксы өзбектерден кем деп айта алмаймын. Биыл өзбектердің бағы жанып, жолдары болды.

- Жалпы Қазақстан құрамасының Дохадағы өнерін қалай бағалайсыз?

- Бәрі өз деңгейінде дайындалды. Барынша тырысты. Бәлкім бағымыз жанбаған шығар. Катарға аттанғанда маған бәрі жақсы болған сияқты көрінді. Бірақ өкінішке қарай сәтсіздікке ұшырадық. Енді бұйыртса көктемде Олимпиадаға барлық жолдамаларды аламыз деген үміттемін. Азғантай ғана уақыт қалды. Басты мақсатамыз да осы болып тұр. Аянбай тер төгіп, соған дайындалудамыз.

- Керісінше кәсіпқой бокста жағдайымыз жақсы сияқты. Головкин мен Жақиянов өздерінің соңғы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Аталмыш кездесулерді көрдіңіз бе?

- Иә, көрдім. Жанат, Бейбіт, Қанат, Геннадий де кәсіпқой бокста еліміздің атын шығарып жүр. Қазақстанның кәсіпқой боксы дамып келе жатыр деп жиі естиміз. Өзімнің де кәсіпқой боксқа ауысу жайлы ойым бар. Бірақ ең алдымен Олимпиадаға лизенция алып, онда бар өнерімді көрсетуім қажет. Әуесқой бокстан кеткең соң, айналып баратын жеріміз де осы кәсіпқой бокс емес пе.

- Алдағы уақытта Бейбіт Шүменов мықты польшалық боксшы Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек жайлы пікіріңіз қандай?

- Бейбіт үшін бәрі ойдағыдай өтеді деп ойлаймын. Егерде ол өзінің тәжірибелігін дұрыс пайдаланып жатса, онда жеңіске жетуі тиіс.

- Жәнібек сұхбатқа рақмет. Жанкүйерлерге айтар сөзіңіз болса, мархабат...

- Алдағы байрақты бәсекелерде жанкүйер болып, қолдау көрсетсеңіз деймін. Біз болсақ аянбай тер төгіп, сіздерді қуантуға тырысамыз.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или