Данияр Қасқарауов: «Мирзаев өзіне көп алады»

«Алаш Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов ресейлік ММА спортшысы Расул Мирзаевтің айтқан сынына жауап қатты.

Естеріңізге сала кетсек, ресейлік спортшы Қазақстанға келген кезде «Алаш Прайдтың» оған ешқандай жағдай жасап бермегенін айтып, сынға алған болатын.

«Ол өзіне көп алады. Ол әлі аңыз адам емес қой. Иә, ол – самбодан әлем чемпионы, бірақ бұл баяғыда болды. Ол, тіпті, соңғы рет Ресей чемпионатын да жеңіп ала алмады. UFC-ге де түспеді. Осы арқылы «Алаш Прайд» өзіне жарнама жасап жатыр деген сөз емес. Біз бес жылда 40-50 турнир мен жекпе-жекке қатысып үлгердік. Солардың бірінші Александр Емельяненко қатысқан – бұл адам Расул Мирзаев та мықты. Бізге Джеф «Аққала» Монсон , Жапония, Тәжікстан, АҚШ спортшылары, қысқаша айтқанда халықаралық ұйымдарда төбелесіп жүрген ММА спортшылары келді. Расул Мирзаев мүмкін ондыққа кіретін шығар, бірақ ол нөмірі бірінші емес. Кавказда мықты боксшылар бар, ал біз Кавказдан шақыртатын себебіміз – ол жақта күрес дамыған. Біз қашан да мықтыларды шақырамыз», - деді Қасқарауов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или