Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде бірден 199 сатыға жоғары көтерілді
Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде бірден 199 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
АСТАНА. KAZINFORM - Өткен аптада жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтеріліп, ТОП-100-ге кірді.
Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.
Юлия Путинцева жекелей сында да 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или