Илья Ильин: «Владимир Седов спорттық карьерасын аяқтады»

Илья Ильин: «Владимир Седов спорттық карьерасын аяқтады»

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов спортпен қоштасқалы жатыр екен деген әр түрлі сыбыс тараған болатын. Осы жайттың анық-қанығын Илья Ильин айтып берді.

Бүгін Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы акция өткізілді. Осы акцияға шақырылған қонақтардың қатарында екі дүркін Олимпиада чемпионы, спорт шебері Илья Ильин де болды.

Даңқты спортшыдан әуелі АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін кезекті әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың дайындығын сұрадық.

«Балалардың дайындығы жақсы. Жігіттер 22 қараша күні мұхиттың арғы жағына ұшатын болады. Менің Қазақстанда қалатынымды өздеріңіз жақсы білесіздер. Үш аптадан кейін Шешенстан астанасы Грозный қаласында Ресей Федерациясы президентінің кубогы өтеді. Сол жарысқа қатысамын. Ал әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар нағыз спорттық бабында. Әсіресе, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевты ерекше айтуға болады», – дейді Илья Ильин.

Ал қыздардың дайындығы туралы сұрағанымызда оған жауап бере алмайтынын айтты.

«Қыздар бөлек дайындалады. Бапкерлері де бөлек. Сондықтан олардың дайындықтары туралы ештеңе айта алмаймын. Алтын жүлде әкеледі деп үміттенемін. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан соңғы 8 жылда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр ғой», – дейді ол.

Басты сұрақ, әрине 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовқа қатысты болды.

«Біз соңғы рет көктемде бірлескен жаттығу өткіздік. Содан кейін Володя екеуіміз жеке отырып әңгімелестік. Ол бұдан былай жеке дайындалатынын айтты. Одан кейін Талдықорғанда өткен Спартакиаданың алдында хабарластым. «Вова, не істейсің? Спартакиадаға қатысасың ба?» деп сұрадым. Владимир болса, «Жоқ бұл жолы қатыса алмаймын. Мен жарақат алдым», – деп жауап берді. Әрине, әріптесім туралы айту маған да оңай емес. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарына. Бұл сұрақ маған бұған дейін де бірнеше рет қойылды. Сондықтан осы жолы шындықты айтуыма тура келіп тұр. Владимир Седов спорттық карьерасын аяқтады», – дейді чемпион.

Өз кезегінде Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралам десе, бұрынғы әріптесіне әр кезде де ұлттық құраманың есігі ашық екенін айтты.

«Егер үлкен спортқа қайта оралам десе, әр кезде де есік ашық. Спортшы немесе бапкер, тіпті менеджер болғысы келсе де қабылдауға дайынбыз. Володяның талантын жоғары бағалаймын. Оның тәжірибесі менен де көп», – дейді Олимпиада жеңімпазы.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или