Ангелина Лукас өзінің келесі жекпе-жегін жариялады
Қазақстандық Ангелина Лукас өзінің келесі жекпе-жегін 24 тамызда Қытайда өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
«Бізді 4500 орындық арена күтуде. Бұл таңғажайып болмақ, бұл менің карьерамдағы 12-ші жекпе-жегім! Қытай, мен саған келемін. Сүйікті Қазақстанымның туын бүкіл әлем бойынша көтеру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын!», - деп жазды Ангелина әлеуметтік желілерінде.
Лукастың қарсыласы Таиланд өкілі Пимчанок Тепжанда (9-6, 6 КО) болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или