Чехия құрамасы Федерация кубогын жеңіп алды

Прагада өткен әйел  құрамалары арасында теннистен Федерация кубогының финалында Чехия мен Ресей командалары кездесті.

Алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болған – 1:1. 15 қарашада кортқа Петр Квитова мен Мария Шарапова шықты. Бұл кездесуде ресейлік теннисші 3:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, өз құрамасының еншісіне екінші ұпайды алып келді. Алайда артынша Каролина Плишкова Анастасия Павлюченкованы екі сетте (6:3, 6:4) жеңіп, таразы басын теңестірді.

Чемпион тағдыры жұптық матчта шешілді. Бұл кездесуде чехиялық дуэт Каролина Плишкова мен Барбора Стрыцова үш сетте Анастасия Павлюченкова мен Елена Веснинаны жеңіп – 4:6, 6:3, 6:2, Чехия құрамасына шешуші ұпайды алып келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или