Бейбіт Шүменов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

18 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) бірінші ауыр салмақтағы (90,718 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) польшалық Кшиштоф Влодарчикпен (49-3-1, 35 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Шүменов биыл шаршы алаңға бір рет шығып, АҚШ спортшысы Би Джей Флоресті жеңген еді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы атанды.

Ал, Влодарчик өткен жылдан бастап жекпе-жек өткізген жоқ. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде ресейлік Григорий Дроздқа есе жіберіп, WBC тұжырымы бойынша атағынан айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или