Холифилд: «Головкин әлемнің үздік боксшысы екендігінде күмәнім жоқ»

Холифилд: «Головкин әлемнің үздік боксшысы екендігінде күмәнім жоқ»

Америкалық кәсіпқой боксшы Эвандер Холифилд қазақстандық Геннадий Головкинді әлемнің үздік боксшысы деп атады.

«Бокста ешкім ешкімнен қорықпауы тиіс. Шаршы алаңда тек мықтылармен ғана қолғап түйістіруі керек. Осы тұрғыдан алғанда, GGG қазіргі кезде әлемнің үздігі саналады. Ол ешбір боксшыдан қаймықпай, өзіне қарсы келген қарсыластың бәрін жапырады. Ол орта салмақтағы ешбір боксшының ұсынысын жерге тастамайтын жалғыз боксшы. Егер оған жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасай қалсаңыз, ол: «Жарайды» - деп бірден келісе кетеді», - дейді Холифилд.

Айта кету керек, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 18 қазан күні Нью-Йоркте канадалық боксшы Давид Лемьеге қарсы өткізіп, қарсыласын 8-раундта нокаутпен ұтты. Сөйтіп, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің қатарын IBF белбеуімен толықтырды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или