Астаналық ескекшілер Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Астаналық ескекшілер Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Индонезияда өткен байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Азия чемпионатында Астана спортшылары Сергей Токарницкий мен Зоя Ананченко алтын және күміс медаль иеленіп, 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға қажетті нормативті орындады. Чемпионатқа 20-дан астам елден 475 спортшы қатысты.

Жоғары спорт шеберлігі мамандандырылған мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Токарницкий 200 метр қашықтықта Азия чемпионы атанды. Токарницкий халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Кубогы мен ҚР IV Жазғы спартакиаданың жеңімпазы.

Сондай-ақ Астана қалалық ЖСШММ спортшысы Зоя Ананченко 500 метр қашықтықта екінші болып мәреге жетті, бұл оның 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алуына мүмкіндік берді. З.Ананченко байдарка мен каноэде ескек есу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Инчхон қаласында (Корея) өткен XVII Азия ойындарының қола жүлдегері. Соңғы ҚР IV Жазғы спартакиадасында спортшы бірнеше қашықтықтағы (К-1100 метр, К-4500 метр, К-2200 метр) жоғары сынамалы медальдарды иеленді.

Астана спортшыларының бұрын 2016 жылы Рио-де-Жанейрода тамыздың 5-інен 21-іне дейін өтетін XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алғанын естеріңізге саламыз. Олардың арасында Елена Потапенко (қазіргі заманғы бессайыс), Инна Клинова (байдарка мен каноэде ескек есу), Досжан Қартықов пен Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі), Флорида Менянова (жеңіл атлетика), Василий Левит және Данияр Елеусінов (бокс) бар.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или