Мигель Котто бокстан кетуге бел байлады

Мигель Котто бокстан кетуге бел байлады

Орта салмақта WBC тұжырымының чемпионы 35 жастағы пуэрториколық боксшы Мигель Котто бокспен қош айтысатынын мәлім етті.

«Мен өз жанұяма мейлінше көп көңіл бөлу үшін осындай шешім қабылдап отырмын. Өздеріңіз білесіздер, бір сұхбатымда 30 жасқа толмай, бокстан кететінімді мәлімдеген болатынмын. Ал қазір 30 емес, 35-ке келіп қалдым. Сондықтан 1 жылға жетпей, бокстан біржолата қол үзетін шығармын», - деді Мигель Котто Fight News басылымына берген сұхбатында.

Айта кету керек, пуэрториколық боксшы 21 қараша күні Лас-Вегаста мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жек өткізіп, өз чемпиондық белбеуін қорғайды. Бұл кездесудің жеңімпазы отандасымыз Геннадий Головкинмен қолғап түйістіріп, орта салмақтағы мықтыны анықтауы керек болады. Себебі, Головкин өткен жылдың қазанында мексикалық боксшы Марко Антонио Рубиодан WBC уақытша чемпионы атағын жеңіп алғаннан бері бұл белбеудің тұрақты чемпионы атағынан міндетті үміткер саналады.

WBC ұйымы чемпиондық белбеу иегері ерікті түрде қазақстандық боксшымен кездеспесе, белбеуді күшпен тартып алатынын мәлімдеген болатын. Ал Мигель Коттоның неліктен бокстан кетуге бел байлағаны әзірге белгісіз.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или