Ауыр атлетика. Азия чемпионатынан қос алтын!

Ауыр атлетика. Азия чемпионатынан қос алтын!

Азия чемпионатында қос сайыс нәтижесі бойынша екі бірдей ауыр атлетіміз Айдар Қазов (77 кг) пен Ермек Өміртай (85 кг) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді. Сонымен қатар, Семен Линдер де жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдеге ие болды.

Айдар бірінші жаттығуда 156 кг көтерсе, екіншісінде 194 келі салмақты алды. Қос есептегенде 350 кг салмақ оны үлкен алтын мен сілке көтеруден кіші алтын жүлделерге әкелген болатын. Екінші орында орналасқан Солтүстік Корея өкілі Мён Жон дәл сондай нәтиже көрсетсе де, өзінің салмағы бойынша ұтылды. Үшінші орын жарыс иесі таиландтық Чаттупу Чиннавонгке (349 кг) бұйырды.

85 келіге дейінгі салмақта Ермек Өміртай да сары құрлықтағы өзінің мықтылығын дәлелдеді. Екісайыс бойынша 364 келі салмақты көтерген спортшымыз жұлқа көтеруден 161 келі, ал сілке көтеруден 203 келі салмақты көрсетті. Семен Линдер болса жалпы есепте төртінші орынға орналасса да, жұлқа көтеруден үздік атанып, кіші "алтынға" ие болды.

Екінші мен үшінші орындарда - Қытай және Корея зілтеміршілері.

Ертең жарыс жолын Майра Файзуллаева (69 кг) мен Рүстем Сыбай (94 кг) бастайды. Оларға сәттілік тілейміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или