Головкин шаршы алаңға келер жылдың көктемінде оралады

Головкин шаршы алаңға келер жылдың көктемінде оралады

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (34−0, 31 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының шаршы алаңға оралу мерзімін айтты, деп хабарлайды «PROCПОРТ».

«Қазіргі таңда, біз Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазын күтіп отырмыз. Келесі мақсат – WBC белбеуі. Сондықтан да біз аталмыш кездесуді асыға күтудеміз. Сол жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуға келіссе, онда кездесу келер жылдың мамыр айында өтеді. Келіспеген жағдайда, Головкин наурыз айында шаршы алаңға оралады», - деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, WBC тұжырым бойынша әлем чемпионы Котто мен Альварес арасындағы жекпе-жек қарашаның 21-і, Лас-Вегас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или