Қазақстанның ең сұлу боксшысы WBA титулын сарапқа салады

Қазақстанның ең сұлу боксшысы WBA титулын сарапқа салады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz

25 шілдеде Тайландта өтетін жекпе-жекте ол таиландтық Джиттамат Фомтамен жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасады.

«Балауса Бангкок қаласында (Таиланд) WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Біз үшін бұл жаңа деңгейге көтерілу. 1 маусымда Балауса жекпе-жек өткізіп, үндістандық қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді, - деді боксшының менеджері әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Мұздиман кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или