Головкин алдағы уақытта Брэдлимен WBO белбеуін сарапқа салуы мүмкін

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 32 жастағы америкалық Тимоти Брэдлиге (33-1, 13 КО) тиесілі WBO чемпиондық белбеуіне үміткерлер тізіміне алынды.

Өткен демалыс күндері Лас-Вегаста өз отандасы Брэндон Риоспен қолғап түйістірген 32 жастағы америкалық боксшы қарсыласын 9-раундта нокаутпен ұтып, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Головкиннен өзге белбеуге үміткер боксшыларды әйгілі Bleaher Report спорт порталы тізіп шықты: Мэнни Пакьяо, Кит Турман, Келл Брук, Дэнни Гарсия, Амир Хан, Хуан Мануэль Маркес.

Бұған дейін Тимоти Брэдли қазақстандық боксшымен шаршы алаңда жолыққысы келетінін жариялаған болатын.

«Брэдли – Головкинмен кездескісі келетінін жариялаған танымал боксшылардың бірі де бірегейі. Ол кезінде Мэнни Пакьяоны, Хуан Мануэль Маркесті жеңген. Сондықтан оның есімі бокс әлемінде едәуір танылған. Егер де ол Головкинмен жолыққысы келетінін айтпаса, біз оны межемізге алмас па едік?!», - дейді қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или