Қазақстандық боксшы жеті жылдан кейін рингкке оралады

Қазақстандық боксшы жеті жылдан кейін рингкке оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ернар Ешенов (6-1, 5 КО) шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ешеновтың келесі жекпе-жегі 13 шілде күні Екатеринбургте (Ресей) өтеді. Қарсылас кәсіпқой рингтің жергілікті дебютанты Абубакар-Салах Муцелханов болады. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Ернар Ешенов үшін алдағы жекпе-жек 2017 жылдан бергі бірінші жекпе-жек болмақ, ол Санкт-Петербургте беларусьтік Андрей Долгожиевті (10-42-2, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ешенов кәсіпқой бокстағы дебютін 2016 жылы өткізіп, мансабында Қазақстан, Таиланд, Англия, Өзбекстан және Ресейде жекпе-жек өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или