Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі Уимблдонға қатысудан бас тартты

Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі Уимблдонға қатысудан бас тартты

Әлемнің 3-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко иығынан алған жарақатына байланысты Уимблдон турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Теннисші әлеуметтік желідегі парақшасына осындай шешімге келгенін жеткізді.

«Ойнай алмайтынымды бәріңізге үлкен өкінішпен хабарлауға мәжбүрмін. Турнирге барынша дайын болуға тырыстым, бірақ бүгін жаттығу кезінде өз командам бұл ойын жағдайымды күрделендіре түсетінін түсіндірді», деп жазды теннисші. 

Бұдан бұрын Соболенко Берлиндегі жарыста Анна Калинскаямен матч кезінде де бәсекеден бас тартқан еді.

Беларусь теннисшісінің орнына Уимблдонда іріктеу сайысынан өте алмаған ресейлік Эрика Андреева өнер көрсетеді.

Ол алғашқы айналымда америкалық Эмина Бектаспен кездеседі. 

Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның Лондондағы матчтары 2 шілдеге белгіленген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или