Стайлз Пи: «Головкин ескі мектептің стилін қолданады»

Америкалық рэп орындаушысы Стайлз Пи Sport Illustrated басылымына берген сұхбатында боксты жақсы көретінін және қазақстандық Геннадий Головкинді құрметтейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Маған Triple G ұнайды. Ол ескі мектептің стилін қолданып, сол кездегі сәттерді еске түсіреді. Оның қолынан жұдырықтасу келеді. Ол мықты ұрады, бірақ өте салмақты жұдырықтасып, уақытты қолданады. Маған бұл жігіт ұнайды. Головкин мен Теренс Кроуфорд бокстың танымал бола түсуі үшін тамаша жұмыс жасайды деп ойлаймын. Жеңіл және ең жеңіл салмақта да жақсы боксшылар бар. Білмеймін, мен тек жақсы жекпе-жектерді қараймын. Бокс пен ММА – мен жақсы көретін спорт түрлері», - деді Стайлз Пи.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или