Қалибек Әбілов: «Қазақстанда кёрлинг спортына көзқарас өзгерген»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Бұрыңғы мен бүгінгі таңды салыстыруға келмейді. Қазақстанда кёрлинг спорты дамып келеді». Мұндай пікірді бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысы керлинг федерациясының Президенті Қалибек Әбілов мәлімдеді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Керлинг спорты Қазақстанның бірнеше облыстарында қарқынды түрде даму үстінде. Елімізде бұл спортқа ден қойғандардың қатары да көбейіп келеді. Мәселен, ШҚО, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Ақмола облысы және Алматы мен Астана қалаларында керлингтен құрама командалар құрылған. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберелрі мен төрешілеріміз шықты. Елбасы өз Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортқа халықтың кемінде 30% тартылуы тиіс деп тікелей міндет қойған еді. Сол міндеттер орындалып жатыр»,- деді Қ.Әбілов.</p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетейік, кёрлингтен Танықмұхиттық-Азия чемпионаты 8-14 қараша күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Аталған дода 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиадасы аясында ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің 8 елінен 13 команда қатысады. Және бұл сайыс кёрлингтен келер жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу сыны болып табылады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или