Кёрлинг мұз алаңдары халықаралық талаптарға сай – Марк Каллан

Кёрлинг мұз алаңдары халықаралық талаптарға сай – Марк Каллан
<p style="text-align: justify;"> <strong>Алматы кёрлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионатын қабылдауға дайын, мұз алаңдары халықаралық талапатарға сай келеді. Бұл туралы бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында кёрлингтен мұз алаңдарын дайындаудағы бас техникалық маман Марк Каллан мәлімдеді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Менің Қазақстанға келген басты міндетім мұз алаңдарын тексеру әрі дайындау болып табылады. Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты ірі халықаралық дода болғаннан соң, мұз алаңдары да жоғары сапалы болғаны абзал. Менің командам сол үдеден шығу үшін барлық жұмыстарды ойдағыдай атқарды. Барлық мұз алаңдары жарысқа дайын. Және халықаралық талаптарға сай деп айта аламын&raquo;.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, кёрлингтен Танықмұхиттық-Азия чемпионаты 8-14 қараша күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Аталған дода 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиадасы аясында ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің 8 елінен 13 команда қатысады. Және бұл сайыс кёрлингтен келер жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу сыны болып табылады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или