Қазақстандық теннисшілер жұптық сында әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында ATP рейтингісінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 48-ден 47-орынға шықты. 

Сонымен қатар Александр Бублик 144-тен 133-ке ауысты. 

Басқа да қазақстандық теннисшілердің жұптық сында алға басып келе жатқанын байқауға болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде Алексей Нестеров — 556 (+5), Тимофей Скатов — 868 (+1), Александр Шевченко — 879 (+1), Ростислав Гальфингер — 1588 (+5), Тимур Мәуленов — 1709 (+11), Павел Петров — 2114 (+1) және Ерасыл Ерділдә — 2444-орында (+2) тұр. 

А.Недовесов румыниялық Виктор Влад Корнямен бірге кеше Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында аргентиналық Себастьян Баэс – Мариано Навонға 3:6, 6:7 (2:7) есебімен жол беріп, ширек финалға шыға алмай қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или