Қанат Исламның қарсыласы өзгерді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (19-0) 7 қараша күні Майамиде өткізетін жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, отандасымыз 34 жастағы мексикалық Алексис Камачомен (26-5-0) қолғап түйістіруі керек болатын. Оның орнына Доминикан республикасының 31 жастағы боксшысы Джонатан Батиста (15-7, 8 КО) шығатын болды. Боксшылардың жекпе-жегі 10 раунд деп белгіленді.

Айта кету керек, жақында Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы әлемнің ең үздік промоутерлік компанияларының бірімен келісім-шарт жасайтынын мәлімдеген болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или