Қазақстандық теннисші Бирмингемдегі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Бирмингемдегі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (41 WTA) Бирмингемде (Ұлыбритания) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA 250 категориясындағы турнирдің ширек финалында әлемнің 41-ракеткасы америкалық Кэролайн Доулхайдты (WTA 61) үш сетте жеңді - 6:3, 6:7 (2:7), 6:1.

Енді Путинцева жартылай финалда италиялық Элизабетта Коччареттомен кездеседі. Ойын ертең 22 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или