ЕУРО-2024: Шотландия - Швейцария матчы тең аяқталды
Шотландия мен Швейцария құрамалары кездескен Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аясындағы 2-турының ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Кельндегі «Рейн-Энерги» стадионында өтті. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 13-минутында шотландиялық жартылай қорғаушы Скотт Мактоминей автоголдың авторы атанды. 26-минутта швейцариялық шабуылшы Джрдан Шакири гол соқты.
Топтық кезеңнің соңғы турында Шотландия Венгриямен, Швейцария Германиямен ойнайды. Екі кездесу де жексенбі, 23 маусымда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или