Қазақстандық қыздар Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисшілер Жанель Рүстемова мен Сандуғаш Кенжібаева Монастирде (Тунис) өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар кортта қазақ-қырғыз дуэті Татьяна Николенко - Владислава Андреевскаяға қарсы кездесіп, үш сетте 6:2, 1:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.
Айта кетейік, Рүстемова мен Кенжібаева келесі кездесуде Элла Симмонс (Австралия) мен Дженис Тженден (Индонезия) басым болған америкалық-итальяндық Джулия Адамс - Гала Арангио жұбына қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или