Головкин: «Котто - Альварес кездесуін тағатсыздана күтіп жүрмін»

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин пуэрторикалық Мигель Котто мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүргенін мәлімдеді.

«Бұл айда екі керемет жекпе-жек бар. Роузи - Холм мен Котто - Канело кездесуін күтіп жүрмін. Келесі кім?», - деп жазды Головкин Twitter желісінде.

Айта кетейік, Котто мен Альварес 21 қараша күні Лас-Вегаста кездеседі және орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы тігіледі. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы Головкинмен жұдырықтасуға міндетті.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или