Қол күресінен 37 кәрісті жеңген қазақ спортшысы құрлық жүлдегері атанды

Қол күресінен 37 кәрісті жеңген қазақ спортшысы құрлық жүлдегері атанды

Тараз қаласында армрестлингтен Азияның ашық кубогы өтті. Құрлық кубогы үшін таласта Азияның 21 елінен 277 спортшы қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында шардаралық 10 спортшы еліміздің намысын қорғады.

Шардара ауданы негізгі құрама спортшыларының қараша айында Польшада өтетін Әлем кубогына қатысуына байланысты бұл жарысқа 2-құраммен қатысты. Қосалқы құрамамыздың өзі Азияның епті спортшыларын жеңіп, нәтижесінде 6 алтын, 4 күміс медальға қол жеткізді.

Қол күрестен оңтүстік құрамасы шардаралық спорт ордасында жаттығады, фото спортшының жеке парақшасынан алынған

Жарыстың көркін Түркиядан келген 130 келі салмағы бар даңқты Ферит Османли мен 85 келі салмақтағы  қазақстандық Қыдырғали Оңғарбаев арасындағы жекпе-жек қыздырды.

Залдағы мыңдаған жерлестерінің қолдауының және сайысқа деген тыңғылықты дайындығының нәтижесінде Қыдырғали Оңғарбаев түрік спортшысын жеңіп, елдің рухын бір көтеріп тастады.

Қыдырғали осы жеңісіне орай Азия федерациясы тағайындаған қомақты қаржылай сыйлыққа  ие болды.

Massaget.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или