Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ширек финалға жолдама алды

Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ширек финалға жолдама алды

Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.

Тартысқа толы бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, қазақстандық-ресейлік жұп шешуші сәтте жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте Омарханов – Дерепаско үш брейк жасап, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2. 

Әмір мен Тимофейдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или