Қазақстандық боксшының келесі жегпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жегпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұл (8-5, 6 КО) шаршы алаңға қай күні шығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Рахманқұлдың келесі жекпе-жегі 7 маусымда Мәскеуде (Ресей) өтеді. Қарсыласы жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Вадим Мусаев (7-0, 4 КО) болады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Сағадат Рахманқұл кейінгі жекпе-жегін Ресейде өткізді – өткен жылдың 26 сәуірінде Санкт-Петерборда Виталий Петряковтан (17-0, 11 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, Сағадат кәсіпқой мансабын АҚШ-та бастаған және үш рет жеңіліске ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или