Қазақстанның жұлдызды спортшылары қатысатын Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы

Қазақстанның жұлдызды спортшылары қатысатын Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы

1 маусымда Алматыдағы ADD Arena-да кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеште Қазақстан құрамасының бұрынғы жетекшілері, егіздер Санатәлі және Саматәлі Төлтаевтар, ауыр салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Аманжолов, Ертуған Зейнуллинов, сондай-ақ талантты әрі сұлу боксшы Балауса Мұздыман үздік шетелдік боксшылармен жекпе-жек өткізеді.

Кештің басты жекпе-жегінде WBC Asia бұрынғы чемпионы Виктор Коточигов (14-2) пен Мирас Ертанов кездеседі. Бұл жекпе-жек 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қомақты ақшалай сыйақы мен чемпиондық белбеу сарапқа салынатын гран-при жартылай финалы болады.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 18:30-да басталады. Трансляцияны Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или