Абель Санчес: «Жұрттың Головкинді қай орынға қоятынында менің шаруам жоқ»

Абель Санчес: «Жұрттың Головкинді қай орынға қоятынында менің шаруам жоқ»

Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес шәкіртінің рейтингідегі орны қызықтырмайтынын айтты.

«Головкиннің рейтингіде нешінші орында тұрғаны сіздерге, ақпарат құралдарына және жанкүйерлерге қызық болар. Ал мен ол үшін басымды қатырмаймын. Бастысы – Геннадий бүкіл жекпе-жегін жоғары деңгейде өткізіп, орта салмақта оған тең келер боксшы жоқ екенін дәлелдеп отыр. Егер жұртшылық оны үздік боксшы деп таныса, біз бұған қуанамыз. Алайда, рейтингінің басында тұруға лайық боксшылар аз емес. Нақтырақ айтсам, олардың бірі Роман «Чоколатито» Гонсалес, екінші орында Котто – Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы бар. Ал егер бізді солардың қатарына қосып жатса, біз үшін бұл – үлкен құрмет», - дейді А.Санчес On The Ropes басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 17 қазанда канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізіп, қарсыласын 8-раундта нокаутқа  түсінді. Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшының мансабындағы 34-жеңісі десек, ал нокауттар санын 31-ге жеткізіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или