Астанада қазақстандық спорт телевизиясын дамыту мәселелері талқыланып жатыр

Астанада «Sport&TV» іскерлік клубы аясында спорт тілшілері, комментаторлар, спорт түрлері бойынша Федерациялар, клубтар, дене шынықтыру және спорт басқармаларының баспасөз хатшылары үшін семинар басталды.

Форумның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – «KAZsport» телеарнасы. Оған Қазақстан спорттық баспасөз қауымдастығы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері бойынша комитетінің қолдау көрсетті.

Семинар шартты түрде үш күнге, тақырыптар бойынша үш бөлікке бөлінген. Форумның алғашқы күні сарапшылар алдыңғы қатарлы технологияларды ұсыну, спорттық продюсерлер мен ақпараттық бағдарламалар басшыларының қызметі, спорттық мазмұндағы телевизиялық жобаларды талқылау сияқты тақырыптар талқыланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или