Сәтсіз күн! Римма Волосенко да Олимпиада жолдамасынан қағылды
Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Бангкокта (Таиланд) Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Волосенко 1/8 финалда үндістандық Анкушита Боромен кездесті. 2022 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Боро төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Римма Олимпиада жолдамасынан қағылды.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасынан іріктеуге барған Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) жеңіліп қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или