Рыбакина «Ролан Гаррос-2024» турнирін сенімді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Гретье Минненді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.
Әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или