Қазақстанның үздік теннисшісі Рабаттағы турнирдің финалында жеңілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Рабаттағы турнирдің финалында жеңілді

Қазақстандық Анна Данилина Рабатта (Марокко) өтіп жатқан WTA-250 турнирінің жұптық сынында финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Данилинаның қытайлық спортшы Сюй Ифанмен дуэтте ресейлік Ирина Хромачева/Яна Сизикова жұбынан ұтылды - 3:6, 2:6.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.

Дәл қазір Данилина жұптық сында әлемнің 51-ші ракеткасы, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или